Шілде айының соңында KASE-де Ақтөбенің металлқұрастырылым зауытының қарапайым акциялары сатылымға түсті. Бұл Қазақстанның негізгі экономика саласынан қор биржасына шыққан алғашқы компания. Сарапшылардың пайымдауынша, биржадан түскен қаржыны құрылымның басшылығы өзінің қарыздарын төмендетіп, өндірісті арттыруға жұмсайтын болады.

 

Александр АЛЕКСАНДРОВ, АМЗ АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

Біз Ақтөбеде сыйлы, ірі өндіріс орны болып табыламыз. Біз металлқұрылғыларын шығарып, құрылыс саласына қажетті өнімдерді өндіріп отырмыз, металлмен қатысты барлық өнім түрі шығады бізде. Біздің өнімдерді тау-кен саласы, металлургия, мұнай саласы мен кен құрылымдары пайдаланып отыр.

 

Андрей ЦАЛЮК, KASE БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Мемлекеттік қолдауға ие болмай, алайда нарықты қолдап отырған компаниялар бар. Бұл нақты экономика саласының компаниясы. Бұл стартап жобасы емес, бұл орта бизнес. Бұл өте маңызды. Біз қазақстан қор биржасына бұрыннан осындай компанияны тартқан едік. Бұл қосымша қаржы тартып отыруға жақсы мүмкіндік.

 

Компанияны нарыққа «Фридом Финанс» шығарған еді. Барлығы жалпы құны 2,9 млрд. теңге болатын, 1498 тапсырыс келіп түсті. Бұл ұсыныстан 3,7 есеге артық. Сатылған акциялардың 95,9 пайызы жеке тұлғалар, 2,4 пайызы брокер-диллерлер мен 1,7 пайызы заңды тұлғаларға тиесілі.

 

Андрей ЦАЛЮК, KASE БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Осындай IPO-лардың ұйымдастырылуы инвесторлардың санын арттырады. Және жеке сатып алушылардың үлесі артады. Қазір теңгелік активтерге сенім артты. Банктердегі депозиттердің ставкасы жоғары, алайда осындай құрылымдардың кірістілігі әлде қайда жоғары болуы мүмкін. Алып көлемді емес, алайда мықты кіріс болады, себебі осындай құрылымдардың тәуекелдері жоғары болады.

 

Берілген тапсырыстардың дені; Алматы, Ақтау, Атырау, Өскемен мен Шымкенттен келіп түсті. Аөтөбенің металлқұрастыру зауытының негізгі акционерлері Алматы, Ақтау, Өскемен және Астана қалаларының тұрғындары болды. 

 

Сурет: www.citylab.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер