Goldman Sachs Group Inc ауқымы 5-8 млрд. доллар болатын тікелей инвестициялар қорын құрады. Айта кететін жайт, бұл компанияның 2008 жылғы дағдарыстан кейін құрып отырған алғашқы қоры. Ақпаратты Reuters агенттігі таратты. Бұдан бөлек, Goldman Sachs капиталы мен өзінің жұмысшыларынан кем дегенде қордың жұмысын қамтамасыз етуге 500 млн. доллар тартады. Бұл банк саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған дейін, ұйымның осы бастамасы жайында The Wall Street Journal жазған еді. Жаңа қордың ауқымы компанияның 2007 жылы құрған қорынан 2 есеге кем болады. Біпріншісінің капиталы 20 млрд-қа жеткен еді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер