2016 жылдың басынан Қазақстандағы қаржы массасының ауқымы 6,9 пайызға артты. Ақпаратты Ұлттық банктің деректеріне сілтеме жасай отырып, Kapital.kz іскерлік орталының өкілдері таратты. 2015 жылдың желтоқсан айында елдегі қаржының ауқымы 17 трлн. 207 млрд. теңгені құраса, 2016-ның маусымында 18 трлн. 398 млрд. теңге болды. Айналымда жүрген қаржының ауқымы жылдың басынан 27,9 пайызға артты. 2016 жылдың басынан қаржы базасы 3 пайызға өсті. 

 

Сурет: dixinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер