2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында мемлекеттік бюджетке түскен салықтың ауқымы 40 пайызға артып, 2,4 трлн. теңгеге жетті. Мемлекеттік салықты есептемегенде, барлық салаларда өсім тіркелген. Ішкі тауарларды қоспағанда, еңбек пен қызмет және өзге салалардың жалпы нарықтағы үлесі төмендеп кетті. 2016 жылдың 5 айында халықаралық сауда мен сыртқы операциялар салығының өсімі 21 пайызға артып кетті, - деп жазды ranking.kz. Тауарлардың ішкі салығы мен еңбек және қызмет саласы ең көп өсім көрсетті. 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларына шаққанда салықтық түсім 91 пайызға өсті. Қазір ол 84 млрд. теңгені құрап отыр. Осы салалардың жалпы нарықтағы үлесі 34 пайызға жеткен, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9 пайызға артық. 

 

Сурет: www.shyu.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер