Қытай алдағы уақытта, юань бағамын төмендетуді жоспарлап отырған жоқ. Себебі, бірінші жарты жылдықта негізгі көрсеткіштер жақсы болып, экономика 6,7 пайызға артып кетті. Ақпаратты Аспан асты елінің қаржы министрі таратты. Соңғы уақытта юань 5 жылда болып көрмеген деңгейде саудаланып жатыр. Бұл инвесторлардың елдің қарызы мен экономиканың болашағына байланысты алаңдаушылығын арттырып жіберді. 2015 жылы елдің валюта қоры ұзақ жылдарға жетпей қалады деген, бастамамен Қытайдан 700 млрд. доллар қаржы шығарылған еді. Осы кезде, доллар өзге валюталарға шаққанда қымбаттады. Себебі, инвесторлар Еуропа мен Жапония банктерінің ставкаларды төмендеткендігіне алаңдаушылық білдірді. Бұдан бөлек, алдағы уақытта АҚШ-тың ФРЖ-сінің ставкалары артып кетеді деген сенім болды. 

 

Сурет: prodengi.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер