ҚазАгро Ұлттық холдингісі Аграрлы инвестициялар қорын құрады. Ол агрокешен саласының өндірістерін қолдап отырады. Ақпаратты компанияның хабарламасына сілтеме жасай отырып, BNews.kz тілшісі таратты. Бастапқы жарна 50 млн. доллардан асып отыр. Кейінгі уақытта қордың ауқымы 300 млн. долларға дейін ұлғайтылады. Қордың құрылуына Венгриялық экспорт-импорт банкі мен Қазақстан-Венгриялық тікелей инвестициялық қорының бірлескен жобасы түрткі болды. Оның бастапқы капитализациясы 40 млн. доллар, алдағы уақытта оның ауқымын 150 млн-ға жеткізу көзделді. 

 

 

 

Сурет: thenews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер