Мамыр айының соңына шаққанда ҚР ЕДБ-терінің жекеменшік салымдары 61,7 пайызға артып, 6,9 трлн. теңгеге жетті, - деп хабарлайды ranking.kz. Жылдың басында төмен болған өсім, жылдың ортасында артып кетті. Бұған теңге бағамының тұрақталғандығы әсер етті. 2016 мамыр айында теңгенің долларға шаққандағы өсімі 79,1 пайызға төмендеп кетті.

 

Сергей ЧИКИН, БАНКТІҢ МАМАНЫ:

 

Ұлттық банк, шетелдік валютадағы депозиттердің құнын төмендетіп, теңгедегі түрін өсіріп жіберді. Осыған орай, валютадағы депозиттерін теңгеге алмастырып отырған адамдардың саны артты. Алайда, бұл үрдіс әзір жаппай орын алып жатқан жоқ. Десекте, жиі кездестіруге болады.

 

Іскерлік белсенділік күз айларында артатын болады деген сенім бер. Қазақстандық банктер ол үшін бірталай жаңа қаржы құралдарын дайындап қойды.

 

Сергей ЧИКИН, БАНКТІҢ МАМАНЫ:

 

Қазір банктердің тұтынушылық несие саласында белсенді болып отырғандығын байқай аламыз. Ұлттық банк базалық ставкасының құнын төмендетіп жатыр. Бұл аралық нарықтағы қарыздардың құнын арзандатып отыр. Осыған орай, халық та теңгелік салымдарға көбірек сене бастады. Бұл тұтынушылық несие саласының белсенділігіне әсер етті. Егер тұрақтылық сақтала беретін болса, банк саласының мүмкіндіктері артады.

 

Бір жылда банктердегі тұтынушылық салымдардың аудымы 39-дан 43 пайызға жетті. Депозиттердің 41 пайызы ҚазКом және Халық банкінде шоғырланған. Халық банктің үлесі өзгеріссіз 20 пайыздың шамасында болса, Қазком 15-тен 19,9 пайызға өсті. 

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер