Шағын бизнестің белсенділігі мегаполистерден аймақтарға көшіп жатыр. Мамыр айында өсім 10 облыста байқалды, - деп жазды BNews.kz. Бірінші орында Оңтүстік-Қазақстан облысы мен Қарағанды тұр. 122 және 90 субъекттен өсім болған. Ranking.kz порталының хабарлауынша, мамыр айында елдегі белсенді кәсіпорындарның саны 180 компанияға артып, 116,3 мыңды құрады. Теріс статистиканы 6 аймақ, соның ішінде 2 ірі қалада байқай аламыз. Шағын бизнестің ең көп шоғырларнған жері, Алматы қаласы, жалпы республикалық көрсеткіштің 22,2 пайызы. Астананың үлесі, бір ай бұрынғы 7,4-тен 7,3 пайызға төмендеді. 

 

Сурет: e3dis.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер