Bank of America-ның тоқсандық кірісі төмендеп жатқан пайыздық сыйақылардың әсерінен кеміп кетті. Вести Экономиканың хабарлауынша, Солтүстік Каролинадағы банктің кірісі 4,23 млрд. долларға жетті, бір акция бойынша кіріс 36 центке жеткен. Ал, 2015 жылы құрылымның пайдасы 5,13 млрд. долларды құрап, бір акция бойынша кірістілік 45 центке жетті. Бұған дейін, сарапшылар банктің кірісі бір акцияға шаққанда 33 центті құрайды деп болжаған еді. 2016 жылдың ІІ тоқсанында кіріс 20,4 млрд. долларға жетті. 2015 жылы 21,96 млрд. болған еді. 

 

Сурет: www.forbes.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер