Ішкі нарықтағы сауданың ауқымы артып, отандық кәсіпорындарының тасы өрге домалады. Себебі, теңгенің өзге валюталарға шаққандағы құны өзгеріп кетті. 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларының аралығында кіші, орта және ірі кәсіпорындардың жиынтық кірісі 3,1 трлн. теңгеге жетті, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 39 пайызға артық. finprom.kz-тың хабарлауынша, 2014-тің соңынан 2015-тің ортасына дейін, жергілікті дүкен сөрелері, арзан ресейлік және шекаралас жатқан елдердің тауарларымен толыға бастады. Себебі, сол кезде, отандық валютаның құны жоғары болып тұрған еді.

 

Игорь КУДРЯШЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ РФ САУДА ПАЛАТАСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қазақстан мен Ресейдің сауда әріптестігі әлемдік экономиканың ықпалымен жақсы дамып келеді. Долларда сауданың көрсеткіштері төмендеп жатса, рубльге шаққанда керсінше өсіп жатыр. Екі жақты тауарлардың жеткізілімі артып кетті. Сондықтан, алдағы уақытта әріптестіктің мүмкіндігі жоғары болады деп ойлауға сенім бар. Өсімге кедендік бақылаудың алынып тасталғандығы әсер етті.

 

Биыл жағдай біршама өзгеріп кетті. Кішігірім компаниялардың саудасы 3 айда артып, 2 трлн. теңгеге жеткен. Орта және ірі компаниялардың кірісі өзгермей, өткен жылғы көрсеткіш 1,3 трлн. теңгенің шамасында қалды. 

 

 

 

Сурет: forbes.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер