Қазақстанда қолданылып отырған темір жолдың ұзындығы 3-ші жыл қатарынан 15,3 мың шақырымды құрап отыр. 2013 жылы өсім 0,1, 2012-де 3 пайызды құраған еді. Бұған дейін, темір жолдың ұзындығы керсінше қысқарып отырды. energyprom.kz-тың хабарлауынша, жүк тасымалының тиімділігін арттыру мақсатында, Алматы – 1 және Шу стансаларының аралығында қосымша темір жол желісі салынды. Бұл қозғалыс жылдамдығы мен жеткізіліп отырған тауарлардың ауқымының арттыруға және жүріп жатқан пойыздардың санын қысқартуға мүмкіндік береді. 

 

Сурет: railwayukr.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер