2016 жылдың қаңтар-маусым айларында байланыс қызметінің ауқымы 330,2 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,4 пайызға кем. Халыққа 185,2 млрд. теңгеге қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің 30,6 пайызы немесе 101 млрд. теңгесі ұялы байланысқа тиесілі. Айта кететін жайт, мобильді байланыс қызметінің ауқымы жылда төмендеп барады, биыл ол 17,6 пайызға кеміді, ғаламтор керсінше 4,8 пайызға өскен. Ғаламтор саласының өсіміне байланысты, web-қызметтерінің үлесі мобильді түрімен теңесті. 

 

Сурет: www.cogzidel.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер