Үстіміздегі жылы еліміздің көлік-логистика саласы қарқынды дамуда. 2016-жылдың І тоқсанында саладағы ірі, орта және шағын кәсіпорындар көрсеткен қызметтердің жиынтық көлемі 845 млрд. теңгені құраған. Бұл - дағдарыстан кейінгі 2009-жылдан бергі кезеңдегі жылдың алғашқы үш айындағы рекорд, деп хабарлайды energyprom.kz порталы. Өсімнің ынталандырушы күші ірі сектор болып отыр. Алғашқы үш айда мұнда 720 млрд теңгенің қызметтері көрсетілген, бұл осыдан бір жыл бұрынғы деңгейден 157 млрд теңгеге көп. 2016-жылдың І тоқсанында кіші көлік және қойма кәсіпорындарының көрсеткен қызметтерінің көлемі 125 млрд. теңгені құраған, бұл 2015-ші жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіштен 2 есеге көп. 

 

Сурет: infoquarter.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер