Екінші тоқсанда Қытайдың ЖІӨ жылдық көрсеткіште 6,7% құрап, бірінші тоқсандағы деңгейде қалды. Халық Республикасының мемлекеттік статистика бюросы осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды Прайм агенттігі. Екінші тоқсанның нәтижелері сарапшылардың болжамымен сәйкес келмей қалды, мамандар Қытайдағы экономикалық өсім қарқыны 6,6%-ға дейін төмендейді деп күткен еді. 2015-ші жылдың қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ өсім қарқыны 6,9%-ға дейін бәсеңдеген. Республика үкіметі 2016-жылы 6,5% - 7% аралығында өсім жоспарлап отыр. 

 

Сурет: www.sb.by

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер