Мамыр айында Ұлыбританияның сауда теңгерімінің тапшылығы артты

Мамыр айында Ұлыбританияның сауда теңгерімінің тапшылығы артты

Мамыр айында Ұлыбританияның сауда теңгерімінің тапшылығы 9,9 млрд фунт стерлингке жетті. Корольдіктің Ұлттық статистика басқармасының мәліметінше, бұл сәуірдегі көрсеткіштен жарты миллиардқа көбірек. Вести Экономика порталының хабарлауынша, Ұлыбритания экспортының көлемі сәуірмен салыстырғанда мамырда - 8,2%-ға, ал импорт 4,7% -ға төмендедген. Айта кетейік, 23-ші маусымда британдықтар  Еуроодақ құрамынан шығуды таңдаған соң корольдік қарқынды дамушы мемлекеттермен сауда байланыстарын тереңдетуді көздеп отыр. 

 

Сурет: africanamericanconservatives.com