ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта резервтері $30,5 млрд құрады

ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта резервтері $30,5 млрд құрады

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 2016-шы жылғы маусымның соңында 2012-ші жылдың шілдесінен бергі ең жоғары мәнге жетіп, 30,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал Ұлттық қордың активтері 65,7 млрд доллар болды. Бұл туралы еліміздің бас қаржы мекемесінің төрағасы Данияр Ақышев шетелдік басылымдардың біріне сұхбат беру барысында мәлім етті, деп хабарлайды bnews.kz. Сондай-ақ, Ұлттық банк басшысы интервенцияларға қатысты алдын ала мәліметтермен бөлісе кеткен. Атап айтқанда, 2016 жылдың маусымында ҚР Ұлттық банкінің валюта нарығындағы интервенциялары валютаны сатып алу түрінде 2,5 млн долларды құрады, бұл «іс жүзінде нөлдік мәнді» білдіреді. 

 

 


Сурет: etoday.kz