Бизнес

Қазақстандықтардың несие саулығы 60 %-ды құрап отыр

28.06.2016 14:52

Қазақстандықтар, қарыздарына ұқыпты болып, алған несиелерін уақытылы қайтарып отыруға тырысады. Ақпаратты нарықта зерттеу жұмыстарын жүргізген бірінші несие бюросының өкілдері таратты. Қазіргі таңда, қазақстандықтардың несие саулығы 60 пайызды құрап отыр.

 

Әсем НҰРҒАЛИЕВА, БІРІНШІ НЕСИЕ БЮРОСЫ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

60 пайыз қазақстандық жақсы несие алушы болып табылады. 20 пайызында 90 күнге дейінгі бережағы бар. 20 пайызы көптеген факторларға байланысты, жақсы немесе нашар тұтынушы болуы ықтимал.

 

Сарапшылар мән беріп отырған тағы бір мәселе, қазақстандықтар жеке несие есептеріне көп қызығатын болды. Жыл басынан 100 мың тапсырыс келіп түсті. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2015 жылы барлығы 120 мың несие тарихы алынды. Бірінші кезекте, қарыз берушілер де қарыз алушыларды жіті тексеретін болған.

 

Әсем НҰРҒАЛИЕВА, БІРІНШІ НЕСИЕ БЮРОСЫ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Банктер әзір несие беріп жатқан жоқ, себебі, барлығы іскерлік маусымның басталуын күтіп отыр. Сол кезде, қызу жұмысты байқайтын боламыз. Несиелер көптеп беріледі. Соңғы уақытта несие карталарының белсенділігі артты. Алайда, жеке тұтынушылар әзір бұл құралдарға қызығушылық таныта қойған жоқ.

 

Болашақта, сарапшылар онлайн-несиелеріне сұраныс артатын болады деп болжап отыр.

 

Әсем НҰРҒАЛИЕВА, БІРІНШІ НЕСИЕ БЮРОСЫ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бұл жыл ғаламтор арқылы несиелендіру жылы. Қазір жақсы жетістіктерге қол жеткізіп отырған компаниялар бар. Қазіргі таңда ғаламтор арқылы берілген несиелердің ауқымы 7 млрд. теңгеге жетті. Бұл жалпы несие нарығының көрсеткіштерінен әлде қайда төмен.

 

Осыған орай, сарапшылар, халықты қаржылық сауаттылығын көтеруге шақырып отыр. Алынған қаржыны тиімді басқарып, несие тарихын бұзбауға шақырды. 

Көргендер саны: 218
Жаңалықпен бөлісу