Бизнес

Қазақстанда күріштің өндірісі артып кетті

28.06.2016 14:37

Қаңтар-мамыр айларының аралығында Қазақстандағы күріштің өндірісі 73,6 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3 пайызға артық болып отыр. energyprom.kz порталының хабарлауынша, соңғы бірнеше жылда елдегі өндіріс тұрақты түрде артып отырды, 2013-2014 жылдары аталған көрсеткіш 33-34 пайызды құрады. 2015 жылы ғана саладағы өсім 4,5 пайызға жетті. Ірі жармалар мен өзге де дәнді дақылдардың өндірісі 30,4 мың тоннаға жетіп, 1,5 есеге артып кетті.

 

 

 

Сурет: sovxoz.com 

Көргендер саны: 242
Жаңалықпен бөлісу