Сүт кластерлерін қалыптастыруға 42 млрд теңге кетеді

Жамбыл және Алматы облыстарындағы сүт кластерлерін қалыптастыруға 42 млрд теңге жұмсалады. Ақпаратты елдің ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдері таратты. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 100 млрд. теңге маңызды деген агрокешен саласының жобаларын қаржыландыруға кетеді. Олардың арасында ет және сүт өндірісі бар. Бұл жобалар 100 нақты қадам бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. 

 

Сурет: kapital.kz