Әлемдегі ең ірі ұшақ құрастырушы компания Boeing 2016 жылы 740-745 маркалы әуе көліктерінің жеткізілімін 3 пайызға төмендетеді. Бұл компания кірісінің 93-95 млрд. долларға қысқарып кетуіне әсер етеді. Ақпаратты құрылымның баспасөз қызметі таратты. Өткен жыл компания үшін сәтті болды. Құрылым нарыққа 762 ұшақты жеткізіп, 96,1 млрд. доллар пайда тапты. 2016 жылғы жоспар сарапшылардың болжамдарынан төмен болып шықты. Бұған дейін, S&P 2016 жылы Boeing 775 көлікті жеткізеді деп хабарлаған еді. 

 

 

 

Сурет: www.profi-forex.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер