ХВҚ-ы Грекияға қаржы беруден бас тартты

Халықаралық валюта қоры әзір Грекияға 3-ші қаржылай көмек траншын беруге асығып отырған жоқ. Себебі, Афина экономикалық реформаларға дайын емес. Deutsche Welle қазір Грекияның экономикалық мүмкіндігі артып, мемлекеттік қарызы реттелді деп отыр, дегенмен негізгі мәселелер өз шешімін әлі де тапқан жоқ. ХВҚ-ының басшысы Лагард зейнетақылық реформаны құптап отырғанымен, оның болашағына күмән келтірді. Естеріңізде болса, халықаралық институттар өз рұқсаттарын берген кезде, мемлекет тиесілі 86 млрд. еуролық қаржылық көмекке қол жеткізетін болады. 

 

 

 

Cурет: ligue50.over-blog.com