«Венесуэла үкіметі 60 күнге қабылдаған төтенше экономикалық жағдай қаржылық мәселелерді тиімді түрде шешу үшін уақытылы шаралар қолдануға мүмкіндік береді», деп хабарлады Вести Экономика. Қабылданған жарлық бойынша, үкімет, атап айтқанда, қажетті тауарлардың импортын жеделдету үшін валюта айырбастау рәсімін жеңілдете алады. Сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және басқа да бірқатар әлеуметтік салалар үшін бюджеттің қосымша қаражаттары бөлінуі мүмкін. Венесуэла билігі сонымен қоса «жеке меншік және мемлекеттік компаниялардан белгілі бір тауарларды жабдықтау үшін өндіріс көлемін арттыруды талап етуі» мүмкін. 2016 жылғы қаңтардың басында Венесуэла президенті Николас Мадуро өзінің тележолдауында экономикаға төтенше жағдай енгізу бойынша дайындалып жатқан шаралар туралы айтты.

 

 

 

Сурет: ntv.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер