Шал ақынның нақыл сөздері - Kazakh TV

Қазақтың төкпе ақыны Шал ақын 1748 жылы Көкшетау өңірінде туған. Шын есімі – Тілеуке Құлекеұлы. Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын деп атап кеткен, яғни «дана» деген мағынада. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған.

Шалдың өлең, жырларында өз дәуірінің өмір көріністері, соның ішінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік сынды тақырыптар кең қамтылған. Шал өз заманында айтыстарға да қатысып отырған. Бұл – оның ұшқыр киялды тапқырлығы, от ауызды, орақ тілді болғандығын аңғартады. Бүгінде Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Ақынның өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап қана баспа бетінде жарық көре бастайды. Ендеше, назарларыңызға бізге жеткен сол өлеңдерінен үзінділерді жинақтадық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер