ЕСТАЙҒА ӘЛЕМДЕ ЖОҚ ӘН САЛҒЫЗҒАН...

 

Бір айдай жүріп әнші, ақын, композитор Естай Беркімбайұлы туралы 30 минуттық деректі фильм жасап тәмамдадық. Соңғы нүктесін қойып, сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. Отыздан астам әнін айтпағанда бір «Қорлан» әнімен тарихта қалған Естайдың өмірін де қилы тағдыр мен жолы қиыспаған махаббаты жатыр. Хор қызындай болған Қорлан ғашығы ішқұсадан, қорлықтан қайтыс болды. Естай екі ұлынан, әйелінен айырылып, өлерінде «Менде жоқ жан ашитын туыс-бауыр»,-деп өлең жазуы есіл Естайдың өмірде де өкініші көп болғанын аңдатады. Қорланның жүзік сыйлағаны рас, алайда М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» балладасындағыдай Естай 51 жыл таққан жүзік көрге бірге жерленбеген.Естайдың 150 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған  Екібастұз қаласы күні ертең сенбіде сағат 10.00 де салтанатты жиын өткізіп, бәйге ұйымдастырып, Естай әндерінің фестивалін өткізбек.Шараға қатысушыларға есік ашық!

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ