МАЙРАҒА АРНАЛҒАН ӘН - Kazakh TV

 

 «Юран-ай» әні әйгілі әнші Майра Шамсуддиноваға арналған.Өнертану ғылымдарының кандидаты Зейнұр Қоспақов басылымдардың біріне шыққан мақаласында «Көркем, сұлу бейнелі, қазақ әнін асқақтата шырқайтын осы бір ақсары ноғай қызы Естай ақынның жүрегінен орын алады.  Ол оған арнап «Юран» әнін шығарады. Майраның бүркеншік аты Нюраны Естай қазақ қыздарының Еран, Гүлжан, Раушан аттарына ұйқас етіп, Юран деп алған». Осы әнді алғаш Алматының өнер төріне жеткізген Рустембек Омаров. Майра ел алдына шығуға қымсынатын қазақ қыздарындағы ұяң мінездің сеңін бұзды. Естай әнші қыздың ашықтығына разы болды. Майра салған сара жол Ахмет Жұбановтың «Майраның жел аударған қаңбақтай Шорман ауылына баруының өнер жағынан үлкен пайдасы болады» деп жазуындағы үлкен пайдасы – Семейде Әміремен танысып, бірге ән айтуы, Абайдың әншісі Әлмағамбетпен кездесіп, Абай әндерін үйренуі.  Атақты Қоянды жәрмеңкесінде Иса Байзақов, Қажымұқандармен қатар өнер көрсеткен Майра Уәлиқызы небәрі 33 жылдық ғұмырында ұлттық музыка қазынасын өзінің баға жетпес інжу-маржандарымен толтырып кетті.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер