КҮН СӘУЛЕЛІ КОЛИНДА

 КҮН СӘУЛЕЛІ КОЛИНДА

Жанкүйерлерін бір ай желпінтіп, футболдан өткен әлем чемпионатының да қызуы басылды. Финалда кездескен Франция мен Хорватия ойынына  әлемнің басым бөлігі 4 миллион ғана халқы бар хорваттарға жанкүйер болып кетті.  Күн сәулесіндей дидарынан шуақ шашқан Хорватия президенті  Колинда ханымға көзі түспеген, адамшылық лебін ажарынан сезбеген адам қалмады. Жылы жымиысымен-ақ әлем назарын өзіне аударта білді. Колинданың өмір дерегіне көз жүгіртсек, бала күнінде аңшылықпен әуестеніп, ұлдармен жағаласып футбол ойнағанды жаны жақсы көріпті. Ұлдармен тіл табысатын еркекшора, орыс  тілінде айтқанда «пацанка» қызын ер баласы болмаған әкесі Бранко еркелетіп өсірген. Есейе келе елшілік қызметтің қыр-сырына қаныққан Колинда министр де, елші де, тұңғыш елінің әйел президенті де болды. Қарапайым. «Азиатский президентский понттардан» аулақ.  Стадиондағы президенттер отыратын ВИП орынға емес, қарапайым жанкүйерлер арасында елеусіз отырып та ел есінде қалды. Харватияның әлеуметтік-экономикалық ахуалын талқылап, президенттің ішкі сыртқы саясатына талдау жасамай сөзімізді осымен тәмәмдалық.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ