ҚАЛЕКЕҢНІҢ ҚАЛЖЫҢЫ - Kazakh TV

...Түркiстанның 1500 жылдығына байланысты “Асар” қорын құрамыз деп Қалтай Мұхамеджанов, Шерхан Мұртаза, Өмiрзақ Айтбайұлы бастаған  зиялы қауым өкiлдерi бас қосты. Дастарқанға қара уылдырық, қызыл уылдырық келдi. Шерағаң қарап отырмай Қалтай ағаны қажады:

– Қалаға, осы қара икра мен қызыл икраның айырмашылығы неде? –  дедi. Сол сәтте профессор Құлбек Ергөбектiң тiлi қышып:

–Қызыл икра жесеңiздер жеңгемiздi қанағат тұтып үйлерiңiзге қайтасыздар. Қара икра жесеңiздер қатын iздеп қаңғып кетесiздер! – дейдi қаси сөйлеп. Сонда Қалтай аға:

– Оһ, айтқышым-ай,–дедi мұрнын майыстыра сипап қойып,–осылардың  шешесiн шикiлей қосып жұтсам да маған түк әсер етпейдi.

Дастарқанда отырған ашқарақтау бiр кiсi пiскен тауықты тұтастай тарелкасына салып ап, құйрық жағынан бастап, мойнына дейiн паршалап жегенiн аңғарған Қалтай аға қағыс жiбермей:– Әй, шырағым-ай, қораздан кейiнгi қызықты өзiң көрдiң-ау! – дедi.

КӨПЕН ӘМІРБЕК

 

 

 

  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер