«ҰРЫ» ЖУРНАЛ - Kazakh TV

 

«Жұлдыздар отбасы» деген журнал бар.  Осы журналға көзім түскенде тек парақтап шығамын да қоя қоямын. Иә, осы басылымның ағайындасы «Аңыз адам» журналының орны бөлек, онда танымдық материалдар, тың деректер көп.Бұл жердегі әңгіме «Жұлдыздар отбасы» туралы болмақ. Бір санынында бард әнші, сазгер Табылды Досымовқа айдар арнапты. Кездейсоқ интернетте көзім түсті. Құдай –ау, текстері өзіме таныс. Ұры болған да да кейбір сөйлемдерімді тұтастай көшіріп алып баса салған. «Хабар» телеарнасының тапсырысына сәйкес ерніміз кезеріп Табылдының ауылына Индерге барған, Алматыда шабылып жүріп достарынан алған сұхбаттан еш қымсынбастан оймақтай етіп ойып, журналдарына жапсырыпты. Жарайды, алмасын демейміз. Алсыншы, алайда бір ауыз сөз телеарна туралы, не бағдарлама туралы не авторы туралы жазбайды. Оларды сотқа беріп, дәлелдесіп, ежектесіп жатуға менің уақытым жоқ. Қарынымның ашатыны, ең болмаса дереккөзді дәйектесе болады ғой. Интеллектуальды меншіктің сұрауы бар емес пе?! Ғаламторды сапырып, дайын дүниені қалқи салғаннан журналдың  оқырман арасындағы беделі төмендей береді. Менің өз басымда «Жұлдыздар отбасына» деген сенімсіздік, секем туа бастады. Ең болмаса кешірім сұрауға жараса болар......

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер