БІР МЫСҚАЛ - Kazakh TV

 

          Қазірде ресми түрде Естайдың 35 әні жинақталды. Негізі бір кездері бәзбір шығармашылық өкілі «Қорлан» әні менікі»,-деп қымсымбай жұртқа жариялап, күлкіге қалған. Естай ақын әлгіден Маралды деген жерді сұраса, ұрлығына қуыстанған «өнер иесі» тілден қалыпты. Осы жәйт журналист Төлеутай Ақшолақовтың мақаласында тәптіштеліп жазылды. Шығармашылығы ғашықтық лирикаға тұнып тұрған әндері әманда өміршең. 

          Естайдың «Қорланнан» бөлек,  «Жай қоңыр», «Наз қоңыр», «Майда қоңыр», «Сандуғаш», «Бір мысқал», «Дүние-ай», «Еркем», «Гүлнарайым», «Қоштасу», «Құрбылар», «Өмір», «Қоңыр жел»секілді әндері қазірде  қазақ халқының ән мәдениетінің шоқтық биіктері, інжу-маржаны, қайталанбас өнер байлығына айналды. Өнертанушылар «Бір мысқал» әні де Қорланға арналғанын айтады. Қыз сұлулығын сипаттауда әнде мін жоқ.

P.S. Атақты композитор Естай Беркімбайұлының 150 жылдық еске алу шарасы 21 шілдеде (2018жыл)Павлодар облысы, Екібастұз қаласына қарасты «Қаражар» ауылында өтеді. Осы орайда, Естай мен Қорланның махаббатын айшықтайтын, аңыз бен ақиқаттың басын ашатын деректі фильмді «Sardarfilm» студиясы көпшіліктің назарына ұсынады.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер