ЕСТАЙДЫҢ ҚАЛҒАН ЖӘДІГЕР

«Қорлан» әнімен аты шыққан композитор, ақын Естай 1946 жылы өмірден өтсе де, соңында санаулы ғана жәдігер қалған. Өзі тұрған үйінде пеш үстінде тұрған бума қағаз тұтанып кетіп, баспананың күлі ғана қалыпты. Артындағы ұрпақтары Естайдан қалған ет салатын  ағаш табақты, жұмыс үстелін және Алматыда өткен жиыннан кейін үйіне ала келген чемоданын сақтап келген. Онсыз да жәдігерге, құжатқа ұқыпсыз халықпыз ғой. Өрт және себеп болған. Егер Ерзакович Естай әндерін нотаға түсіріп алмағанда, 35 әнінің қайда қалғанын білмес едік. Ауыздан ауызға тараған әндердің алды «халық  әні» деп шатыстырылып, соңы «менің әнім»,-деп кейбір «халтурщиктер» ен тағын ерсі көрмей айтып жүре берер ма еді? Әнді ұрлау демекші, Естай көзі тірісінде бәзбір шығармашылық өкілі «Қорлан» әні менікі»,-деп қымсымбай жұртқа жариялап, күлкіге қалған. Естай ақын әлгіден Маралды деген жерді сұраса, ұрлығына қуыстанған «өнер иесі» тілден қалыпты.

P.S. Атақты композитор Естай Беркімбайұлының 150 жылдық еске алу шарасы 21 шілдеде (2018жыл)Павлодар облысы, Екібастұз қаласына қарасты «Қаражар» ауылында өтеді. Осы орайда, Естай мен Қорланның махаббатын айшықтайтын, аңыз бен ақиқаттың басын ашатын деректі фильмді «Sardarfilm» студиясы көпшіліктің назарына ұсынады.

 НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ