БАУЫР БОЛСАҚ ЖЕТЕДІ...

Есенқұл алпыс жасқа толар қарсаңда ма екен, Қазақстан Жазушылар одағында шығармашылық кешін өткізді. Ақынды сонау жасырақ кезден білуші едім. КазГУ-дің журналистика факультетінде сырттай бірталай жыл оқыса керек. Атақты 5-ші жатахқанаға достарымен бірге анда-санда соғып тұратын.

Әлгі кештің алдында өзімен дәлізде жолығып, қос қолдап сәлем бердім де: – Кеш құтты болсын! – деп тілек айттым. Одан соң қалжың ретінде: – Есаға, «құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деуші еді, сен де – «құл», мен де «құл», қалай болар екен? – дедім.

Қашанда көкірегі ояу, көңілі сергек ағам рахаттана күліп, құшақтай алды да:

– Ай, сен екеуіміз бас болмай-ақ қояйық. Бізге бауыр болсақ та жетеді! – деді.

ҚҰЛТӨЛЕУ МҰҚАШ