ЕСТАЙ ӘНШІ

 

Естайдың толық есімі Есмағанбет. Анасы еркелетіп Естай атап кеткен. Туған жылына қатысты әрқилы мәлімет бар. Бір деректе оны 1868, екінші мәліметте 1873 жылы туған деп көрсетілген. 13 жасында Естай алғаш «Шолпан қаққан» әнін шығарып,көпшілік жылы қабылдады. Әні ауылдан-ауылға тарады.

       Бәлкім Кеңестік саясатқа қажет болғандықтан ба, Естайды тарихта қолдан жалшы етіп көрсету белең алды. Шын мәнінде Естай таршылық көрмеген. Өмірі бала болып тезек теріп, қой бақпаған.

P.S. Атақты композитор Естай Беркімбайұлының 150 жылдық еске алу шарасы 21 шілдеде (2018жыл)Павлодар облысы, Екібастұз қаласына қарасты «Қаражар» ауылында өтеді. Осы орайда, Естай мен Қорланның махаббатын айшықтайтын, аңыз бен ақиқаттың басын ашатын деректі фильмді «Sardarfilm» студиясы көпшіліктің назарына ұсынады.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ