ҚОРЛЫҚПЕН ӨЛГЕН ҚОРЛАН

 

         Қорлан мен Естай қосыла алмай, араға сан жылдарды салып екеуі де отбасылы, балалы-шағалы кезінде кезікті  деген де әңгіме бар. Оны Естайдың немере інісі Қыздарбек қарындасы Зекенге айтқан. «Бірде Естай атам ел аралап жүріп бір-елді мекенге тоқтайды. Әлгі ауылдағы бір үйдің ауласына атын байлап, құдайы қонақ болады. Шай үстінде атамыз өзін таныстырған сәтте үйдің иесі мен шай құйып отырған бәйбіше аңтарылып қалыпты. Іле үй иесі рұқсат сұрап, орнынан тұрып кетеді. Осы сәтте бәйбіше «Мені танымадың ба?»,-деп сұрапты. Естай атам танымағанын айтады. Сол кезде бәйбіше: «Қолыңыздағы жүзікке қараңыз»,-депті. Сөйтсе Естай тоқтаған үй Қорланның шаңырағы болып шығады».

        Негізі Қорлан ұзатылған Маралды жері қазірде Ресей еліне қарайды. Құлынды даласындағы Қуатовтар отбасына келін болып түскен. Ауқатты отбасының тегіне сай әлі күнге орыстар «Куатовка» деп атап кеткен елді-мекен бар.   Деседе, анығы хор қызындай болған Қорлан жасы елуге жетпей 1937 жылы «бай-манаптың ұрпағы» деп қудалауға түсіп, қорлықтан қайтыс болған. 5 ұлының екеуі бертінде  соғыста көз жұмған.  Күйеуі Нұрмағанбет те ит жеккеннің азабын тартып, елге оралыпты.

P.S. Атақты композитор Естай Беркімбайұлының 150 жылдық еске алу шарасы 21 шілдеде (2018жыл)Павлодар облысы, Екібастұз қаласына қарасты «Қаражар» ауылында өтеді. Осы орайда, Естай мен Қорланның махаббатын айшықтайтын, аңыз бен ақиқаттың басын ашатын деректі фильмді «Sardarfilm» студиясы көпшіліктің назарына ұсынады.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ