Той-думанның гүлі болған Естайдың  әніне Маралдыда құлақ түрмеген жан қалмайды. Әнді нақышына келтіріп орындайтын, қара сөзге қамшы салдырмайтын Естайды күллі ауыл құрметтейді. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды»,-демекші Қорлан да ессіз ғашық болады. Естай қызды алып қашуға бел байлайды. Санаулы күндерге созылған дәурен аяқталып, құдалар жолға жиналады.

Қос ғашықтың  келісімі ауыл арасында сыбыс болып  тарап, аяғы Қорланның әкесі Сұлтанның  құлағына тиеді.Қорланды іле-шала ұзатады. Араға жыл салып Естай Маралдыға қайта айналып келген кезде Қорланды таба алмай, жер сипайды. Содан Естай  «Айрылдым ғашық жардан Құдай алмай, Құр ішім толғай беред жылай алмай»,-деп күңіренеді.

Тағдыр қос ғашықты қосылуға жазбады. Қорлан Нұрмағанбетке тұрмысқа шығып, 5 ұл табады. Естай Ұмсынғанға үйленіп Жанәбіл, Жәкөш есімді баласы  болады. Үміт еткен ұлы Жәкөш бала күнінде қайтыс болса, кейін отбасылы болған Жанәбіл соғыста көз жұмады.

P.S. Атақты композитор Естай Беркімбайұлының 150 жылдық еске алу шарасы 21 шілдеде (2018жыл)Павлодар облысы, Екібастұз қаласына қарасты «Қаражар» ауылында өтеді. Осы орайда, Естай мен Қорланның махаббатын айшықтайтын, аңыз бен ақиқаттың басын ашатын деректі фильмді «Sardarfilm» студиясы көпшіліктің назарына ұсынады.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер