ҚЫЗ ҚОРЛАН СЫЙҒА ТАРТҚАН ЖҮЗІК ҚАЙДА?

 

          «Қорлан» әні мен Естайдың есімі айтылса болды, Естай көз алдыма сан ғасырлар бұрын болған адам, ескіден келе жатқан ән секілді қабылдайтынмын.  Жуырда ғана Естай шығармашылығын зерттегеннен кейін барып, атақты композитордың  бертінде 1946 жылы қайтыс болғанын білдім. Баласы Жанәбілден туған немересі Зекен әжейдің көзі тірі. Биыл топырақтан тыс етсе композитордың немересі 80 жасқа толады. Естай атасының  саусағындағы Қорлан сыйға тартқан жүзікті талай көрген. 16 жасқа дейін Естай атасының алдында өскен. «Қиылып келіп, жүзікті ата маған беріңізші»,-деп талай сұрағанымызда Қорланымның көзі ғой бұл, ешкімге бермеймін»,-деп ақырын жүзікті сыйпақтап отыратын еді»,-дейді.

            Сол жүзіктің М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» балладасындағы желіде жазылғандай Естайдың сүйегімен бірге жерленді ме жоқ әлде біреу тәбәрік етіп алып қалды ма оны ешкім нақтылай алмайды. Естай ауылының ақсақалдары ақынды жерлегеннен кейін жақындары алып қалды деген қисын айтады. Қысқасы, Қорлан сыйға тартқан жүзік ізім-ғайып жоқ болған.

 

P.S. Атақты композитор Естай Беркімбайұлының 150 жылдық еске алу шарасы 21 шілдеде (2018жыл)Павлодар облысы, Екібастұз қаласына қарасты «Қаражар» ауылында өтеді. Осы орайда, Естай мен Қорланның махаббатын айшықтайтын, аңыз бен ақиқаттың басын ашатын деректі фильмді «Sardarfilm» студиясы көпшіліктің назарына ұсынады.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ