Адамның бір қызығы бала деген…

Адамның бір қызығы бала деген…

«Social Trust Foundation» қоғамдық сенім қоры жыл сайын Атырау және Астана қалаларында «Абай кеші» қайырымдылық шарасын өткізіп келеді.

Биылғы кезекті мәдени шараны маусымның 2-інде Астана қаласында өткізу бұйырған екен. Бұл оқиға қазақтың бас ақынына құрмет көрсетудің бірегей мүмкіндігі деуге әбден болады. Өйткені ақынның рухани мұрасы бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Мақсат – жағдайы бар, қалталы азаматтарды қоғамдағы әртүрлі тағдырмен қайырымдылыққа мұқтаж болған балаларға, жетім-жесірлерге, науқас, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға қол ұшын беруге, жәрдемдесуге шақыру.

Кеште қайырымдылық шараға атсалысқан жомарт жандардың қарасы көп болды. Шараның басты қонақтарының қатарында Абай Құнанбайұлының ұрпақтары да бар. Жиналған қаражат Атырау облысындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Қордың әлеуметтік жобаларын қолдауға жұмсалмақ.

Есесіне кеш қонақтары мен меценаттар ерекше мәдени бағдарламаның куәсі болып қайтты. Кештің сәнін «Тәттімбет» халық аспаптар оркестрі, еліміздің белгілі әншілері мен әртістері, мәдениет қайраткерлерінің орындауындағы Абайдың өшпес әндері мен өлеңдері әрледі. Сондай-ақ отандық жас дизайнерлердің қазақтың ұлттық нақышындағы замануи киімдерінің сән көрсетілімі, бағалы сыйлықтар ұтысы, тіпті қазақстандық суретшілер жұмыстарының аукционы өткізілді. 

Назарларыңызға мәдени шараның фоторепортажын ұсынамыз:

"Абай кешінің" қонақтары мен меценаттар

 

Абай әндері Тәттімбет ұлт-аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен

 

 

Кеш жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы Ләззат Шатаева мен Ерғұлан Жанпейісов

 

 ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысовтың орындауындағы Абай әндері

 

Абайдың жас кезін сомдап тұрған талантты актер Есіл Еділбаев

 

Абайдың тұңғыш ұлы Ақылбайдан тараған ұрпақтары – Ләйлә Баймағамбетова (Ақылбайдың шөбересі), Тели Нурбаева (Ақылбайдың шөбересі) және Абайдың неменесі Әсел Асылбаева

 

Жас суретші Әйгерім Оспанова өз картиналарын сатудан түскен қаражатты мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға жұмсады

 

Абайдың "Сегіз аяқ" өлеңінің құрметіне салынған картина

 

Қазақстандық суретші Әйгерім Оспанова картиналарының аукционға қойылу сәті

 

Картиналардың бірін қомақты қаражатқа сатып алған меценат - Орхан Сидар

 

Атыраулық меценат - Сергей Деревянко

 

Инклюзивті білім беру маманы Камила Роллан

 

 

"Аққу" би ансамблінің өнер көрсету сәтінен

 

 

Кішігірім "Абай оқулары" немесе жастар арасындағы Поэзия оқу жарысынан үзінді

 

 

Әнші Дулат Ахановтың Абай әндерін орындап тұрған сәті

 

 

Кеште ұйымдастырылған Лотерея ойыны жеңімпаздарының бірі

 

Қазақстандық жас дизайнер Мәншүк Қуанышованың сән қойылымы

 

 

 

 

Ортада ақ көйлекте тұрған - дизайнер Мәншүк Қуанышова

 

"Абай кешінің" ұйымдастырушылары, «Social Trust Foundation» қоғамдық сенім қорының өкілдері: Сол жақтан - Айман Испулаева, Жаңагүл Қожаназар, Зейнеш Абжанова және Сәбиля Әлиева

 

 

Дайындаған: Гүлниса Алдажар