Мағжанның махаббаты да ерекше, ешкімге ұқсамайтын махаббат. Өзі үйленгелі жатқан кезінде Зылиханы келіп қолынан жетектеп айдалаға алып кету – ол сөзсіз ерлік. Сонау Томскіге. Горький жырлайтын «Дауылпаз туралы жырдағы» ерлердің ессіздігі дәл осы. Зылиханың намысын қорғаймын деп, құс мылтығымен Зылиханың күйеуімен дуэльге шыққан адам. Оның дәлелдемекші болғаны: «Зылиханың ары таза, біздің арамызда ештеңе болған жоқ». Осыны естігенде Максим Горький керемет таң қалған: «Мынау қазақтың Пушкині ғой» деп. Сосын Брюсов Горькийге: «Қазақтан осындай Пушкин шықты, мәселе оның дуэльге шыққандығында емес, оның албырттығы, ақындығы, махаббаты» депті. Кейіннен Зылиха Горькийдің алдына Мағжан ісі туралы көмек сұрай барғанда, қатты қайғырып, өз әйелі Пешкова тапсырған: «Саған Мағжан Жұмабаевтың әйелі барады, соған қолыңнан келгенінше көмектес» деп. Пешкова ол кезде «Қызыл кресттің» бастығы болатын.

Дулат Исабеков драматург

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер