ТІРІ ЖЕТІМ - Kazakh TV

 

Мына баланың баянмен орындаған зарлы мелодиясына жұртшылық құлақ түріп, көңіл бөле тыңдаған. Ғаламтордан 66 мыңнан астам адамның тыңдағанына қарағанда көпшіліктің жүрегіне жеткені анық. «Әкеге сағыныш» әуен ерекше екпінмен, эмоциялы шыққанына қарап жұрттың барлығы жетім бала екен деп ойласа керек. Алайда, бұл баланың әкесі де, анасы да бар. Осы бейнеүзіктің астына әлгі музыкант бала бір ауыз тілегін жазып қалдырған. «Бәріңе сәлем. Бұл менмін осы бала. «Нур.кз» өтінем бұл видеонын атын өзгертіңізші!Себебі, менің әкем бар.Менің үлкен атам қайтқан еді соны еске алып жылап жіберген едім.Қате ойламаныз...»,-деп жазба қалдырған. Алайда, әуенге елтіп кеткен көпшілік жетім екен деп ойлайды. Сосын, әркімге әке жалғыз емес пе?! Әуенмен әкеге деген перзенттік сағыныш оянып, өмір үзіктері көз алдына келіп, көңілдің толқуы заңдылық.

Нұрлан Қазиұлы

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер