Композитордың шығарма­шылықта ғана емес, өмірде де айнымас алтын достарына айналған Жолан Дәсенов, Тілес Қажығалиев,Сейдолла Бәйтереков сынды асыл азаматтар 50-ге жетпей қайтыс болды. Жұрт оларды жерлегенде тіпті басқаларға емес, Кеңес Дүйсекеевке келіп көңіл айтып, құшақтап «Жалғыз қалдың ғой» деп жылаған екен. Ол кезде мұның мәнісін өзі түсіне қоймапты. Біраз жылдан соң сырласатын, шығарған дүниелерімен бөлісетін адам таппай шын мәнінде де жалғыз қалғанын сезінген композитор асыл достарына деген сағыныштан «Достар-ай» әнін жазады. Сөзі Әбдірахман Асылбектікі. Қайырмасы әдеттегідей ойынан шықпаған соң «Аңсаған армандар, Үзіліп айналды қиялға, Бұл өмір қанша кең болса да, Сендерсіз сиям ба, Көкте үнсіз көшкен ай. Кеудем менің бос сарай, Сағындым ғой, сағым болған достар-ай» деген жолдарын өзі құраған. Жұбаныш Жексенұлы орындап жүрген «Достар-айды»жақын жолдастарды жоқтау ретіндегі трагедиялық ән десек те болады.

Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер