ДАЙ МНЕ МЕСТО В СВОЕМ СЕРДЦЕ - Kazakh TV

  

        Бір тілден өзге тілде орындалған әндердің сәтті шығып жататыны ілуде біреу. "Жүрегіңнен бір орын бер" деген әнді орындап жүрген Қайрат Нұртастың мелодиясы көпшіліктің зердесінде, құлағында қалды. Деседе, менің тыңдарман пікірім сол әннің  орысша нұсқасы сәтті шықты.Әнші Тоғжан Мұратованың "Дай мне место в своем сердце"атты әні өзінше өрнекке, жарасымды ырғаққа бөленді. Дауысы тартымды, нәзік қыздың әніне құлақ түрген жұртшылықтың ықыласы ерек. Небары осы мамыр айының басында «youtube» бейне желісіне ілінген орысша клипті 1 миллионнан астам адам тыңдаған. Әннен рухани ләззат алған көпшілік армансыз тілектерін жеткізіпті.Коменттарияларға көңіл бөлетін болсақ,іргелес көрші қырғыздардың да тілектестік лебізі өріп жүр. Ән керемет орындалған. Аудармасы да сәтті шыққан.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ      

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер