«Тамаша» ойын-сауық отауы дегенде үш тұлға көз алдыма елестейді. Біріншісі – Құдайберген Сұлтанбаев, екіншісі – Тұңғышбай Жаманқұлов, үшіншісі – режиссер Лұқпан Есенов.

«Тамаша» алғаш дүниеге келгенде қазақ өнеріне құбылыс болып енді. Бұрын осындай өнерде құбылыс болған – «Гүлдер» ансамблі мен «Дос-Мұқасан» тобы еді. Мұндай құбылысты оқиғаларды бір адам дүниеге әкеле алмайды. Бірнеше тұлғалардың атсалысуымен ішінде біреуі ерекшеленіп, оқшауланып, халықтың сүйіктісіне айналатын тұлғалар бар. Сол тұлғалардың ортасында өнерімен еңсесі биік көрінген – актер Құдайберген Сұлтанбаев еді.

«Тамаша» – тамаша болып, елдің жүрегін жаулаған тұста, М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театры Тұңғышбай Жаманқұловты Қазақстанның еңбек сіңірген артисі деген атаққа ұсынған екен. Сол кездегі Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атаққа ұсыныл­ғандардың тізімін қарап отырып: «Мынау Тұңғышбай «Тамашаның» ұзыны ғой, – депті, депті де, – ал, енді қысқа бойлы Құдайбергені қайда?» – депті, депті де, – жоқ, екеуін ажыратпай бірге ұсынуымыз керек. Әйтпесе, халық бізді түсінбейді, ұнатпай қалады», – деп, екеуіне де бірден атақ бергізіпті.

Шөмішбай САРИЕВ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер