ШЫМКЕНТСКАЯ МАФИЯ - Kazakh TV

 

       1990 жылдардың соңында Теміртас Тілеулесовтің авторлығымен  «Ордалы жылан» және «Шымкентская мафия» атты екі кітап шығып, қазақ қоғамы дүр сілкінген еді.Ел жемқорлық пен сыбайластықтың тамырының тереңге кеткеніне сол кезде көзі жете бастады. 2 мың тиражбен шыққан кітап қолдан қолға өтіп, жарыса оқыған халық   көлеңкедегі көп жәйіттен хабардар болды. Айтпақшы, сол кітаптағы небір махинацияға жол беріп, «көз қысты, бармақ бастылыққа» барған шенеуніктер әлі де кердеңдеп жер басып жүр. Облыс әкімі, Ішкі істер министрі болған Зауытбек Тұрысбековтың портреті, тағы да басқа ордалы «жыландардың» сұлбасы кітапта анық көрінеді.  Саяси аренадан тыс жүретін, ықпалын тасада жүргізетін «ордалылардың» ешкім ініне әлі су құйған жоқ. Менің таң қалатыным, қазірде жемқорлықпен күресетін құрылымдар бар емес пе? Солар неге  осы кітаптың негізінде «қылмыстық істер»қозғамайды? Әрқилы шенеунікпен 40 рет соттасқан Теміртас аға  көзі тірісінде өз деректерінің дұрыстығын толық дәлелдеп шықты. Демек, кітапты құжат етіп пайдалануға негіз бар.  

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер