ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ - БҰЖЫ

 ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ - БҰЖЫ

        Ет – қазақтың ұлттық әрі ең сүйікті тағамы. Қай үйге барсаң да қазақ қонақты әрқашан етпен күтіп, сүтпен қарсы алған. Ертеде ата-бабамыз ет жеп, қымыз-шұбат ішіп шымыр болған. Ет пен сүттің құрамында қанша дәрумен, қанша қуат бар.

        Ал осы етті дәмді ететін ингредиентті білесіз бе? Ол – бұжы.

       Бұжы – қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Кең байтақ елімізде бұжының алуан түрі жасалады. Қой сойылғаннан кейін оның іш майынан көбірек, етінен азырақ туралады, оған ұн, тұз, бұрыш қосылады.

      Алдымен қойдың тоқ ішегін тазартамыз. Ол үшін ішектің ішіндегі тамақтың қалдықтарын полиэтилен қалтаға салып, иісі шықпау үшін аузын қымтап байлап тастаймыз. Содан соң ішекті сумен шайып алып, ыстық тұзды суға 5 минутқа саламыз.

       Ішіне салынатын ингредиенттердің мөлшерін тоқ ішектің көлеміне қарап анықтаймыз. Үлкендеу ыдыс алып, туралған май мен етті ұнға араластырып аламыз да, ішекке салып, аузын тігеміз.

       Сыртын шайып, етпен бірге асамыз. Су қайнағаннан кейін тіс тазартқышпен әр жерін тесеміз. Бұл оны жарылып кетуден сақтайды. Бұжы 1,5-2 сағатта піседі.

 

Автор: Фариза Әбілова