Ыстамбұлға барған тағы бiр сапарында Түркияның өнер жұлдызы Фатима Гэрек деген бикеш Қалтай ағаны үйiне шақырыпты.

- Ойпырмай, шартарапты шарлап жүрiп мұндай сұлу әйел көрмедiм! - дедi ағамыз тамсанып. - Сұлулығы сондай, бiр қасық сумен қылқ еткiзiп жұтып қойғың келедi. Өзiнiң тағдыры да қызық. Әкесi ерте қайтыс болыпты. Жастайынан жетiм қалып, жадау-жүдеу күн кешкен. Екi-үш ешкiсiн сауып, соның сүтiн сатып күн көрiп жүрген кезiнде Американың бiр киностудиясы басты рөлде ойнайтын түрiктiң жас сұлу қызына конкурс жариялапты. Жеңiмпазға - 1 миллион доллар! Сол сынақта 16 жастағы Фатима Гэректiң бағы жанып, Америка киносына түсетiн болған. Оны бүкiл баспасөз сүйiншi сұрағандай қуана жарнамалап, бiр-ақ күнде аты-жөнi мәшһүр болған. Алайда жарты айдан соң Түркияның күллi баспасөзi "Фатима Гэрек миллион доллардан бас тартып, киноға түспейтiн болды!" деп жарыса жазған. Себебiн сұраған журналистерге "Мен негрдiң еркегiмен төсек қатынасында болуым керек екен. Түрiк Аналарының абыройы мен намысы үшiн бас тарттым" деп жауап қайырған. Мұны естiп құлақтанған Түркия Президентi жас қызды қабылдап, оған 5 миллион доллар сыйлаған. Кейiнiрек жеке киностудия салдырып берген. Мiне, ұлт мүддесi үшiн жасалған ұлағатты тiрлiк!

Көпен Әмірбек

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер