«Негізі мен биші болуды армандадым. Бала күнімде керемет билейтінмін. Грузиндер секілді башпайымның ұшына тұрып та билейтінмін. Байтұрсын дейтін әжемнің інісінің баласы болды. Студент еді ол кезде. Араға апта салып үйге келіп тұратын. Бидің неше түрін көрсетіп, әнді керемет салатын. Қызығатынбыз. Өте өнерпаз, талантты кісі еді. Алпысқа келіп ол кісіде өмірден озды. Сонда бала кезімізде «Шіркін-ай, осы Байтұрсын ағам секілді» болсақ деп армандайтын едік»

Нұрлан Өнербаев

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер