– Ауылымыз таудың бөктерінде орналасқан. Терең сайда өзен ағып жататын. Мектепке сол өзеннің көпірінен өтіп баратынбыз. Біз үшін қызықтың бəрі қыста басталатын. Ерте күзде əкелеріміз керзі етік алып беріп қоятын…

         Қысқа дейін ол етік киіле-киіле, шаңғы сияқты сырғанайтындай болады. Содан қыс түседі, қар жауады. Мектепке барар жолда өзеннің сайына түсіп, сырғанаймыз.

         Кейде сабаққа кешігіп қаламыз. Сабақ арасындағы бес минуттық үзілісте де сырғанаққа шығамыз. Үйге қайтарда да сырғанақтың қызығына батамыз. Етігіміз қатқан мұздан басы қайқиып, аяғымыздан шешілмей қалады. Сонда əжеміз жарықтық аяғымызды созғызып, пештің жанына отырғызып қоятын. Етік əбден жылып, мұзы ериді. Ал суға шыланып, ақжем боп кеткен аяғымызды майлап, орап, əжеміз əлек болатын. Түнімен əлгі етігіміз пештің түбінде тұрып кебеді. Оған таңертең қара кремді жағып, əдемілеп аламыз. Тағы да кешегідей жағдай қайталанады. Қазіргінің балалары солай ойнай ма екен?..

НҰРЛАН ӨНЕРБАЕВ

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер