– Ақылбай ақсақалдан кейін-ақ, ақсақалдыққа ерте мойын бұрып қойған жоқсыз ба?

– Тура солай болса, қуанатын едім. Өйткені қазір ақсақал жоқ. Ақсақалдың жоқтығынан ұрпақ азғындап барады. Аузы дуалы ақсақал болса, ұрпақ бұлай өспес еді. Кешегі ақсақалдар қандай еді? Айтса сөзі дәйек болатын еді. Арысы – Құраннан, берісі біздің жыр-дастандардан, ұлы даланы билеген бабаларымыз ту­ра­лы қан­дай әңгімелер айтылу­шы еді. Бүгін сондай дана қарттарды сағынасың. Апырай, бұл қалай дейсің? Кейде ауылға барған кезде осындай қарттарды таба алмай қиналасың. Кейбір қариялардың өмірде жасай алмаған дүниесін сахнада жасап шығуға тырысамын. Кейде той-томалақтарда да қарттың бейнесін жасауға тура келеді. Өйткені бата бере алмайтын қарияларымыз көп. Кімнің өлеңі екені есімде жоқ. Мына бір өлең үнемі жадымда жүреді.

– Ақ бұлттар, ала бұлттар, қара бұлттар,

Қарап тұрсаң, аспанда да алалық бар.

Біреуде қарт та болса, балалық бар,

Біреуде жас та болса, даналық бар, – дейді.

 

Бекжан Тұрыс актер

Журналист Гүлзина Бектастың сұхбатынан үзінді 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер