ТҮЛКІНІҢ АЙЛАСЫ - Kazakh TV

         Аспан айналып жерге түсердей ыстық .Бұл кезде дала қосындағы жер кепеге тығылады дихан біткен. Салқын түспей қыбыр етпейді бір жан.Әдетте осы уақытты пайдаланып егіс алқабындағы жармаға кеп, бір түлкі күнде су ішеді,шомылады. Және дәл уақытында,кешікпейтіні айтсаңызшы!

        Түлкі демекші оның құлпыратын кезі қарға аунағанда ғой,жарықтық. «Қарға аунаған түлкідей құлпырасың»дейтін сөз сонан қалған.Ал көктем,жаз кезінде олардың жүні ала құла,сабалақ-сабалақ.Дегенмен қоңы жақсы болса терісі сыр бермейтіні де кездесіп жатады.

         Соныменен жұрттың ыстықтан жым-жырт болатын сәтін падаланып жармадан су ішуге келетін түлкіні аңдыдым. «Не істер екен?»,- деп. Егіс алқабының оң түстік жағындағы қалың шабылдан тұмсығы сорайып ол да шыға келді. Аяғын санап басып,жан жағына сақтана қарап, мен жатқан қостың алдынан өтті. Сөйтіп су тола жармаға қарай бет алды.Мен  де бір шама уақыттан соң сыбдыр қақтырмай ық жағын ала бере ізіне түстім.Әккіс неме арықтан төмен түсіп көрінбей кетті.  Жымын білдірмей мен де қалыңды тасалып жеттім. О,тоба!Түлкінің тек басы ғана көрінеді.Тұла бойын түгел батырған суға. Аузында бір уыс доп-домалақ жүн тістеп алған! Бір кезде ол әлгі жүнді судың ағысына жібере салды. Сөйтті де сілкініп-сілкініп судан шықты да келген жағына қарайй жөңкіп кете барды.

       Солай бірнеше аңдығаннан кейін білдім.Бүргелейді екен түлкі. Бар денесін суға батырған кезде,бүрге біткен ана тістеген бір уыс жүнге үймелейді екен.Әбден болды-ау дегенде оны жіберіп қалады да судан шыға келеді, сілкініп....

Гүлнәр Жүсіпова мұғалім

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер