ДОМБЫРАНЫҢ КИЕСІ

 

Домбыраның қоңыр үні әлемдік музыка әлемін  өзіндік ерекшелігімен тағы бір мәрте сілкіндірді. Әлемдік хит әндер мен әуенді домбыраға икемдеп, сол арқылы қазақ елін шетелге танытып жүрген «Made in KZ» тобының аяқ алысына разы болдым. Ұлттық әндегі әрді сақтай отырып, ойнақы жеткізе біледі. Ғаділбек Жанайдың «Ханшайымым-ау» әнін автордан артық айтпаса кем түспейді.  

Ханшайымым-ау

Жүрегім мен ошағымның иесі

Шаңырағым мен шаттығымның киесі

Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің

Ханшайымым-ау

Әнші Назым Ахметованың орындап жүрген әндері Малайзия мен Сингапурде керемет танымал болды. Топ жетекшісі Бауыржан Шәкіров әдепкіде домбыраға гитараның ішегін салып әлекке қалған. Алайда, дәл домбырадай қоңыр дауыс шықпағасын дағдылы ішекке көшіпті. Жуырда осы топтың қобызбен жазған әуендері Түркия мен Арабияда жарқ етті.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ