Дәулескер күйші Секен Тұрысбеков  туралы, күй құдіреті туралы мақала жазамыз деген оймен ол кісіге арнайы жолықтық. Күйші әңгімесін мына бір қызық әрі тосын жайттан бастады:

«Астанада 5 жасар Байыр есімді баланы әке–шешесі маған алып келді. Дәрігерлер «үміттеріңізді үзе берсеңіздер болады, адам болмайды» деп ауруханадан шығарып тастаған екен. Әке–шешесі баланы ескіше емдейтін емшілерге апарып, олар баланы күймен емдепті. Содан ба, бес жаста болса да, әлгі бала менің күйлерімді жатқа біледі. Күй құлағында қалып қойса керек. Астананың көшелерін «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Ақжүніс», «Дарабоз» деп, менің күйлерімнің атымен атайды екен. «Балам сіздің күйіңізбен емделіп, ауруынан айығып, аяғын басты. Күнделікті ұйықтар алдында сіздің күйіңізді тыңдамаса, көзін жұмбайды», – деп, Байырдың әкесі ерекше ілтипатпен танысуға келді. Бәрі бір Алланың құдіретімен ғой, бірақ күйімді тыңдап, бір адамның ауруынан айыққанына қуанып қалдым. Байыр дәрісін уақтылы ішпесе, анасы: «Секен ағаңа айтам, ол кісі ренжиді саған», – дейді екен. Өзі менің айтқандарымды бұлжытпай орындайды. Байырды күймен ауырып, күймен жазылған бала деп ойлаймын»

Қарлыға ИБРАГИМОВА

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер